1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күні қарсаңында Отбасы орталығында отбасы үлгісіндегі «Атамекен» балалар ауылының тәрбиеленушілеріне арналған мерекелік шара ұйымдастырылды. «Бала – барын, өмір нәрін» атты кештің мақсаты – балаларға көтеріңкі көңіл күй сыйлап, қоғамның қамқорлығы мен мейірімін сезіндіру.

