Бүгін қызылордалық оқушылар “Заң мен Тәртіп” нарративі шеңберінде әзірленген «Qarzhy saqshysy» атты интерактивті ойын арқылы қаржылық сауаттылық деңгейін көтерді. Ерекшелігі – қатысушылар виртуалды ортада түрлі қаржылық шешімдер қабылдап, алаяқтық әдістерінен сақтануды үйренеді. Сондай ақ жеке деректерді қорғау және интернеттегі қауіпсіздік талаптарын меңгереді. Аталған ойынға Мырзабек Дүйсенов атындағы №15 мектеп-лицейінің оқушылары белсене қатысты.

