Қызылордада ағымдағы жылдың қазан айында «Тұмар» жеке кәсіпкерлігінің шағын өнеркәсіптік аймағы ашылған болатын. «Үкіметтің шағын және орта бизнесті қолдау мақсатында қолға алған бастамаларының бірі – шағын өнеркәсіптік аймақтар құру. Бұл жұмыс өңірдегі сәтті жүзеге асырылған жобалардың бірі болды. Күні кеше белсенді кәсіпкер қыз келіншектер «Тұмар» жеке кәсіпкерлігінің шағын өнеркәсіптік аймағын аралап, жұмысымен танысты.

