20 Апр 2026, Пн

ІШКІ МЕМЛЕКЕТТІК АУДИТ ДЕПАРТАМЕНТІ ТЕҢГЕ КҮНІН ЖАСЫЛ БАСТАМАМЕН АТАП ӨТТІ

Бүгін Ұлттық валюта – теңге күніне арналған мерекелік іс-шара аясында Түркістан облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаментінің қызметкерлері Жібек жолы саябағындағы Қаржыгерлер аллеясында ағаш отырғызу акциясын ұйымдастырды. Таңертеңнен басталған шарада біріккен ұжым аллея аумағын абаттандыру жұмыстарын жүргізіп, әрбір қызметкер өз атынан бір-бір көшет отырғызды.