15 Ноя 2026, Вс

ЫНТЫМАҚ ОРНАҒАН ҚҰТТЫ МЕКЕН

Тараздағы Достық үйінде «Гүлдене бер, туған жерім!» атты поляк поэзиясын көркем түрде оқудан дәстүрлі III байқау өтті. Шараның басты мақсаты – поляк әдебиетін насихаттау, көркемсөз оқу өнерін өркендету және этносаралық мәдени байланыстарды бекемдеу. Мәдени кешті Жамбыл облыстық поляк этномәдени бірлестігі Алматы қаласындағы Польша Республикасының Бас консулдығының қолдауымен ұйымдастырды.