15 Ноя 2026, Вс

«ЖАС БҮРКІТ» ҚОЗҒАЛЫСЫ – ТӘРБИЕНІҢ НЕГІЗІ

Байзақ ауданы, Бурыл ауылындағы №6 орта мектепте айтулы шара өтті. Мұнда оқушыларды Ұлттық ұланның «Жас Бүркіт» әскери-патриоттық қозғалысының қатарына қабылдау салтанаты ұйымдастырылды. «Елімнің еркіндігі – ұрпақтың мақтанышы» деген атаумен өткен салтанатты жиынға әскери қызметшілер, ардагерлер, кәсіпкерлер мен мектеп ұжымы қатысты.