Кітап — білім бұлағы болса, ертегі — балалық шақтың басты құндылығы. 2 сәуір — Халықаралық балалар кітабы күніне орай Таразда «Ертегілер әлеміне саяхат» атты танымдық кеш өтті. Мұндағы басты мақсат — өскелең ұрпақтың кітапқа деген махаббатын оятып, оларды рухани байлыққа баулу.

