Таразда тәртіп сақшылары арасында ең мықты палуандар анықталуда. Бүгін Жақсылық Үшкемпіров атындағы «Тараз-Арена» спорт кешенінде қазақ күресінен ІІМ чемпионаты мен «Полиция барысы – 2026» республикалық турнирінің салтанатты ашылуы өтті. Боз кілемге еліміздің барлық аймақтарынан келген погонды 300-ге жуық үздік атлет шықты. Толығырақ келесі сюжетте.

