8 Июн 2026, Пн

ТАРАЗДЫҢ СӘУЛЕТТІК КЕЛБЕТІ ЖАҢАРУДА

Жамбыл облысында сәулет және қала құрылысын дамыту бағытындағы жұмыстар қарқынды жалғасуда. Бүгінде өңірдегі барлық 357 елді мекен қала құрылысы құжаттарымен толық қамтылған. Сонымен қатар, елді мекендердің даму жоспарын жетілдіру, құрылыс талаптарының сақталуын бақылау және заманауи урбанистикалық шешімдерді енгізу бағытында жүйелі жұмыстар атқарылуда.