Меркі аудандық мәдениет үйінде аудан әкімі Ербол Жиенқұловтың халықаралық, республикалық олимпиадалар мен ғылыми жарыстардың жеңімпаздарымен және оларды дайындаған ұстаздармен кездесуі өтті. Кездесуге білім мен ғылым додаларында топ жарған дарынды оқушылар, олардың жетекшілері, ұстаздар және қонақтар қатысты. Сондай-ақ шараға Меркі ауданы білім бөлімінің басшысы Зауре Абдрасилова да қатысты.

