9 Май 2026, Сб

ТАЕКВОНДОШЫЛАР ҚЫЗЫЛОРДАДА ЖИНАЛДЫ

Қызылордада таеквондодан ересектер арасындағы Қазақстан Кубогының ресми ашылу салтанаты өтті. Сол жағалаудағы “Теннис” орталығында ұйымдастырылған айтулы спорттық додаға еліміздің барлық өңірінен келген 200-ден астам спортшы қатысуда. Үш күнге созылатын байрақты бәсекеде ерлер мен әйелдер әртүрлі салмақ дәрежелері бойынша өзара мықтыны анықтайды.