9 Май 2026, Сб

БІЛІМ МЕН СПОРТ ТОҒЫСҚАН ДОДА

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінде белгілі ғалым, философия ғылымдарының кандидаты, профессор Мұстафа Матаевты еске алуға арналған дәстүрлі IV спорттық турнир өтті. Шараның негізгі мақсаты – ұлағатты ұстаздың еңбегін ұлықтау, сондай-ақ бұқаралық спортты дамыту және салауатты өмір салтын насихаттау болды.