Соңғы жылдары жасөспірімдердің психологиялық саулығы қоғамдағы өзекті мәселелердің біріне айналды. Мамандардың айтуынша, балаға уақытылы көрсетілген психологиялық қолдау күйзеліс пен жалғыздық сезімінің алдын алып, суицидтік қауіптің төмендеуіне ықпал етеді. Сондықтан ата-ананың баламен сенімді қарым-қатынас орнатуы, оның ішкі жан дүниесін түсінуге ұмтылуы – тек тәрбие құралы ғана емес, оның психикалық саулығын сақтаудың маңызды шарты.
Ақпараттық порталы

