15 Ноя 2026, Вс

ИНКЛЮЗИВТІ СПОРТ – ТЕҢ МҮМКІНДІК КЕПІЛІ

Бүгінгі қоғамның басты құндылығы — әрбір азаматқа берілетін тең мүмкіндік, қауіпсіз орта және өзара құрмет. Әсіресе, мүгедектігі бар жандарды қоғамға бейімдеп, олардың әлеуетін ашуда инклюзивті спорттың орны бөлек. Физикалық шектеулерге қарамастан, темірдей төзімділікті серік еткен саңлақтарымыз әлемдік ареналарда еліміздің көк туын желбіретіп жүр. Солардың бірі — пара пауэрлифтингтен халықаралық дәрежедегі спорт шебері Айжан Берімкулова. Тараздық спортшының толағай табыстары мен алдағы бәсекелерге дайындығын әріптесім толығырақ баяндайды.