20 Апр 2026, Пн

САПАЛЫ ЖОЛДАРДЫҢ ҮЛЕСІ 92,5 ПАЙЫЗҒА ЖЕТТІ

Қызылорда қаласында биылғы жылы жол сапасын арттыруға бағытталған 100-ге жуық жоба жүзеге асырылды. Оның нәтижесінде сапалы жолдардың үлесі 92,5%-ға жетті. Жобалар аясында қалада Шіркейлі, Сыздық және Жаңадария каналдарындағы көпір өткелдері кеңейтіліп, Тәуелсіздік даңғылы бойындағы Қызылжарма каналы арқылы өтетін көпір салынды.