Қызылордада облыстық мәслихаттың сессия алдындағы тұрақты комиссияларының бірлескен отырысы өткізіліп, онда өңірдің алдағы жылдарға арналған негізгі даму бағыттары талқыланды. Жиынға облыстық мәслихат төрағасы Мұрат Тлеумбетов, облыс әкімінің бірінші орынбасары Данияр Жаналинов, депутаттар, тексеру және сайлау комиссияларының төрағалары, басқарма басшылары және бұқаралық ақпарат құралдары қатысты.

