Тараз қаласындағы гарнизондық офицерлер үйінде өңірдегі барлық күштік құрылымдардың әскери психологтары бас қосты. «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығы офицерлерінің бастамасымен өткен бұл шараның басты мақсаты — әскери ұжымдардағы моральдық-психологиялық ахуалды жақсартудың тың тәсілдерін әзірлеу. Бір залға жиналған мамандар тәжірибе алмасып, ортақ мәселелерді шешудің жолдарын талқылады.

