Шу қалалық Жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен Төле би атындағы орта мектебінің оқушыларымен «Заң және тәртіп» қағидаты аясында «Менің азаматтық құқықтарым мен міндеттерім» тақырыбында кездесу өтті. Аталған іс-шараға Шу аудандық полиция бөлімінің жергілікті полиция қызметі бөлімшесіне қарасты ювеналдық полиция тобының аға инспекторы, полиция аға лейтенанты Нариман Қыздарбеков қатысты.

