20 Апр 2026, Пн

ПИРОТЕХНИКА САУДАСЫ ҚАТАҢ БАҚЫЛАУҒА АЛЫНДЫ

Жаңа жылдық жарқыл — шаттық сыйлауы тиіс. Алайда бейқамдық пен заңсыздық араласса, ол қуаныштың соңы аурухана төсегіне апарып соқтыруы әбден мүмкін. Жамбыл облысында полиция мен құтқару қызметі заңсыз пиротехника саудасына тосқауыл қоюға кірісті. Өңірде «Пиротехника» жедел-профилактикалық іс-шарасының екінші кезеңі жүріп жатыр. Бірі мерекелік салютке дайындалып жатса, енді бірі заң талабын елемегені үшін айыппұл арқалап, тауарынан айырылуда. Қауіпті өнім қанша көлемде тәркіленді? Таразда пиротехниканы қай жерден қауіпсіз әрі заңды түрде сатып алуға болады? Тілшіміз тарқатады.