20 Апр 2026, Пн

БАЛАЛАР УӘКІЛЕТТІЛІГІ – СЕНІМДІ ҚОРҒАН

Меркі ауданы Құрманбек Жандарбеков атындағы балалар өнер мектебінде «Заң және тәртіп» қағидасы аясындағы тәрбие құндылықтарын нығайту мақсатында «Балалар уәкілеттілігі – сенімді қорған» тақырыбында Жамбыл облысының бала құқықтары жөніндегі уәкілі Дәурен Бағжановпен кездесу өтті. Кездесуге облыстық психолог мамандар, аудандық білім саласының өкілдері, оқушылар және білім беру ұйымдарындағы бала уәкілдері қатысты.