20 Апр 2026, Пн

ОТБАСЫЛЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚТАР МЕН ЖАУЫНГЕРЛІК РУХ

Бауыржан Момышұлы атындағы 5-ші механикаландырылған бригадада ҚР Қорғаныс министрлігінің өкілдері мен елге танымал тұлғалардың қатысуымен ерекше кездесу өтті. Жиынның басты өзегі — отбасылық бірлікті нығайту, армиядағы гендерлік саясатты дамыту және Отан қорғаушылардың моральдық-психологиялық рухын асқақтату болды.