Керуенінен дәуірлер түсіп қалып, ғасырлар мінгесіп бара жатқан көне Тараз – әлмисақтан ілім мен өркениеттің жаһанға мәшһүр жақұт мекені. Өз теңге сарайы мен қағаз өндірісі болған бұл шаһарда руханият бақшасының көктемін шақырып, қала қарлығашына айналған «Жамбыл-Тараз» газетінің орны қашанда бөлек. Бұл – жиырма ғасырдың жауһары атанған қаланың соңғы отыз жылдағы шынайылық шежіресі.

