30 Июн 2026, Вт

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТІҢ ЖАҢА ФОРМАТЫ

Мемлекеттік қызметтің сапасы уақыт өткен сайын жаңа деңгейге көтеріліп келеді. Бүгінде басты мақсат – азаматтың уақытын үнемдеп, қызметті барынша қолжетімді әрі ыңғайлы ету.Осы бағыттағы жаңашыл жобалардың бірі – Smart Point цифрлық кеңсесі. Жаңа форматтағы орталық мемлекеттік қызмет көрсетуді жеңілдетіп қана қоймай, цифрлық мүмкіндіктерді кеңейтуге жол ашады.