Бүгін Жамбыл облысы әкімдігінің мәжіліс залында өңірдің мәдени-білім беру өмірі үшін маңызды жиын өтті. Мемлекет басшысының оқу мәдениетін дамыту және кітапхана ісін қолдау жөніндегі ауқымды бастамасын жүзеге асыру аясында Жамбыл облысының әкімдігі мен «Кітап оқитын ұл» қоғамдық қоры арасында ынтымақтастық туралы меморандумға ресми түрде қол қойылды. Кездесуді ашқан аймақ басшысы Ербол Қарашөкеев Президенттің «Оқу мәдениетін дамыту және интеллектуалды ұлтты қалыптастыру жөніндегі шаралар туралы» Жарлығының стратегиялық маңыздылығын атап өтті.

