Жамбыл облысында «Заң мен тәртіп» қағидаты аясында «Өз құқығыңды біл» республикалық акциясы өтті. Облыстық прокуратураның бастамасымен ұйымдастырылған шара өңірдегі халыққа қызмет көрсету орталықтарында өтіп, тұрғындарға құқықтық көмек көрсетуге және құқықтық сауаттылықты арттыруға бағытталды.

