18 Апр 2026, Сб

ЗАҢ МЕН ТӘРТІП – ҚОҒАМ ҚАУІПСІЗДІГІНІҢ КЕПІЛІ

Елімізде «Заң мен Тәртіп» қағидатын нығайту бағытындағы жұмыстар жаңа деңгейге көтерілді. Әсіресе, жастар арасында танымал болып үлгерген, бірақ денсаулыққа орны толмас зиян келтіретін «күлдіретін газ» немесе азот тотығының заңсыз айналымына қарсы күрес күшейтілді. Жамбыл облысы Полиция департаменті осы бағытта кешенді профилактикалық және жедел-іздестіру шараларын белсенді жүргізуде.