18 Апр 2026, Сб

ЗАҢ МЕН ТӘРТІП ҚАҒИДАТЫ АЯСЫНДА ПІКІРСАЙЫС ӨТТІ

Меркі ауданында «Заң мен тәртіп» қағидаты аясында аудандық білім бөлімі мен жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен №9 Мұхтар Әуезов атындағы жалпы орта білім беретін мектепте «Ұстаз CUP 1» аудандық пікірсайыс турнирі өтті. Турнир американдық-парламенттік форматта ұйымдастырылып, жас ұстаз бен оқушыдан құралған командалар өзара бақ сынады. Ауданның 20 мектебінен 20 команда қатысып, барлығы 40 қатысушы қазіргі қоғамдағы өзекті мәселелер төңірегінде ой бөлісті.