Таразда мемлекет және қоғам қайраткері, Жамбыл облысының құрметті азаматы Жандар Кәрібайұлына арналған ескерткіш тақтаның ашылу салтанаты өтті. Шараға облыс әкімінің бірінші орынбасары Нұржан Календеров, облыстық мәслихаттың төрағасы Абдалы Нұралиев, облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Еркімбек Солтыбаев, Ш. Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз университетінің ректоры профессор Махметғали Сарыбеков, сондай-ақ ел ағалары мен зиялы қауым өкілдері қатысты.

