Тараз қаласындағы Орталық алаңда ауыл шаруашылығы өнімдерінің қолжетімділігін қамтамасыз ету мақсатында кезекті жәрмеңке өтті. Шараға облыстың 10 ауданы мен Тараз қаласының тауар өндірушілері, сондай-ақ тұрақтандыру қорының өнімдері жеткізілді. Жәрмеңкеге облыс әкімі мен қала әкімі арнайы қатысты.

