15 Ноя 2026, Вс

V АЗИЯ ПАРА ОЙЫНДАРЫНЫҢ ЖҮЛДЕГЕРЛЕРІ ЕЛГЕ ОРАЛДЫ

Таразда V Азия Пара ойындарының жүлдегерлерін салтанатты түрде күтіп алу рәсімі өтті. Жапонияның Айчи–Нагоя қалаларында өткен дүбірлі додада ел намысын абыроймен қорғап, жүлдемен оралған спортшыларды құрметтеу шарасы Жақсылық Үшкемпіров атындағы «Тараз-Арена» спорт сарайында ұйымдастырылды.