Бүгінгі күні Республика бойынша су ресурстарын тиімді пайдалану үшін 20 жаңа су қоймасын салу және кемінде 15 жұмыс істеп тұрған су қоймасын қайта жаңғырту қажеттілігі бар. Сонымен қатар, 2027 жылға қарай қосымша екі текше шақырымға жуық суды қамтамасыз ету үшін кемінде 3500 шақырым арнаны жаңғырту және цифрландыруымыз қажет,-деді экология басқармасы басшысының орынбасары. Қазіргі уақытта осы тапсырмаға сәйкес, Жамбыл облысында қандай іс-шаралар іске асырылуда? Президенттің жолдаудағы тапсырмасы Жамбылда қалай орындалып жатыр? Баспасөз брифингінен тілші материалы.