ХХІ ғасырда қоғам мен мемлекет дамуының басты тетігі сапалы білім беру болып отыр. Рухани, мәдени саламыздың нығаюына, адами қасиеттердің жоғарылауына, жеке адамның сапалық ерекшелігінің өрлеуіне білімнің ғана құдіреті жететіні күннен-күнге айқындалып келеді. Білім беру жүйесі санға ғана емес, сапаға негізделуі – бүгінгі күннің басты талабы. Кезекті баспасөз брифингінде білім басқармасының өкілдері білім беру жүйесіндегі атқарылған жұмыстарды айтып өтті.