Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, үш ауысымды оқу мен орын тапшылығын жою мақсатында Меркі ауданының Андас батыр ауылында №21 жалпы орта білім беретін мектебінің қосымша 150 орындық ғимаратының құрылысы аяқталып, салтанатты түрде лента қию рәсімі өткізілді. Бұл күні мектеп оқушылары да өз өнерлерін көрсетіп, патриоттық әндер шырқап, би биледі.