ЖАМБЫЛДЫҢ ҮЗДІК ЖАСТАРЫ «ӘУЛИЕАТА ҮМІТІ» СЫЙЛЫҒЫНА ИЕ БОЛДЫ
1 min read
Таразда «Әулиеата үміті» жастар сыйлығынының марапаттау салтанаты өтті. Жыл сайын дәстүрлі түрде ұйымдастырылатын шараға аймақ басшысы Нұржан Нұржігітов қатысып, түрлі аталым бойынша үздік шыққан жастарды марапаттады. «Әулиеата үміті» сыйлығы Жамбыл облысында әртүрлі салада жетістікке жеткен 14-29 жас аралығындағы жастарды ынталандыру мақсатында 2019 жылдан бастап беріліп келеді. Биыл сыйлыққа 15 номинация бойынша халықаралық, республикалық және облыстық жарыстардың, байқаулардың, фестивальдер мен көрмелердің лауреаттары, қоғамдық өмірге белсенді араласқан шығармашыл жастар ие болды.