"77TV" ТЕЛЕАРНАСЫ

Сіздің телеарнаңыз!

ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫНЫҢ БАС ҚҰТҚАРУШЫСЫ АШЫҚ ЕСІК КҮНІН ӨТКІЗДІ

1 min read

Өрт сөндіру бөлімінде облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы полковник Ермек Момбаевтың тікелей қатуысуымен эускурсия өткізілді. Бұл жолы экскурсияда Жамбыл ауданы Б. Бесбаев атындағы мектеп-гимназиясының 9-сыныпта оқитын  53 оқушысы қонақ болды.Толығырақ тілші материалында. Оқушыларды Тараз қаласының №2 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің кезекшісі құрметпен қарсы алды. Ермек Жамбылұлы өрт сөндірушілермен бірге балаларға өрт техникасы мен жабдықтарын көрсетті, сондай-ақ апаттар медицинасы орталығының қызметімен де таныстырды. Одан әрі  оқушылар өрт сөндіруші-құтқарушылардың күнделікті тыныс-тіршілігімен танысты. Содан кейін балалар 2021 жылдың 26 тамызында қызметтік міндеттерін орындау барысында қаза тапқан 10 өрт сөндіруші-құтқарушы батырларға арналған мұражайға бас сұғып, сол күн орын алған оқиғалар туралы деректі фильмді тамашалады.  Сонымен қатар, оқушылар Жамбыл облысының өртке қарсы қызметінің қалыптасу тарихы туралы білімдерін жетілдірді. Өрт сөндіру бөлімдерінде оқушыларға арналған мұндай экскурсиялар барысында құтқарушылардың кәсібі, өрт сөндірушілердің жұмысы туралы және өмір қауіпсіздігі саласындағы білімдерін одан әрі жетілдіруге мол мүмкіндік беріледі. Сондықтан,  мектеп оқушылары құтқару бөлімшелерінде жиі қонақта  болады. Іс-шара барысында балаларға өрт-құтқару спорты туралы ақпарат берілді.  Сондай-ақ, құтқарушылар  оқушыларға өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтаудың маңыздылығын еске салды.

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *