ТҰТЫНУШЫЛАРҒА 22 МЛН ТЕҢГЕДЕН АСТАМ ҚАРАЖАТ ҚАЙТАРЫЛДЫ
1 min read
2023 жылдың 6 айында Жамбыл облысының сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментіне 314 өтініш келіп түскен. Оның 200-і қанағаттандырылды. Тұтынушыларға 22 млн теңгеден астам қаржы қайтарылды. 97 тұтынушы өз мәселелері бойынша түсініктеме алды. 17 өтініш құзыреті бойынша қарау үшін басқа мемлекеттік органдарға жіберілді. Қоғамдық өмірдің қай салаларында жамбылдық тұтынушыларының құқықтары жиі бұзылады? Мамандар айтып берді.