«ТАСТАҚ» АЛҚАБЫНЫҢ ТҰРҒЫНДАРЫ АШУЛЫ
«Жарық, интернет, жол жоқ.» Бұл облыс орталығынан шалғайдағы ауылдың емес, қала қарамағындағы «Тастақ» алқабы тұрғындарының мәселесі. Тұрғындардың айтуынша, соңғы жылдары бұл мекенге әкімшілік тарапынан ешқандай көңіл бөлінбеген. Асфальтталмаған көшеден ауа райы бұзылған күні аяқ алып жүру мұңға айналады. Ал, дауылды жел болған кезде ең бірінші баласының емес, жарықтың тілеуін тілейді екен. Себебі ескірген желі бұзылса, мұндағы жұрт бірнеше күнді жарықсыз өткізетін көрінеді. Бұқараның базынасын арна тілшілері тыңдап қайтты. Сюжетке зер салыңыз.