ТАРИХИ ЗЕРТТЕУ: АШАРШЫЛЫҚ ЖЫЛДАРЫНДАҒЫ ЖЕРЛЕУ
1 min read
Осыдан 3 жыл бұрын Қазақстан Республикасы Президентінің «Саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау» жөніндегі жаңа жарлығы шықты. Сол жарлық негізінде репрессия құрбандары мен тарих қойнауындағы беймәлім құпияларды зерттейтін мемлекеттік комиссия құрылды. Олардың алдына қойған мақсаттары мен міндеттері анықталып, атқаратын қызметтері қоса белгіленді. Бұл жөнінде өңірімізде 4 топ тиісті тақырыптарға зерттеу жүргізуде. Мәселен, бүгінде аштық жылдарындағы жерлеу орындарын зерттеу бойынша жұмыс қарқынды жұмыс жасалып, архивтерден деректер жинақталуда.