ТАРАЗДА ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚОЛӨНЕРШІЛЕР КӨРМЕСІ БАСТАЛДЫ
1 min read
Бүгін шаһарда «Тараз қолөнершілер қаласы» атты 2-ші халықаралық қолөнершілер көрмесінің ашылуы өтті. Ауқымды шараға әлемнің 12 мемлекетінен 250-ден аса шебер өздерінің қолөнер бұйымдарын алып келген. Ал, отандық ғұрыпты дәріптеген қолөнершілер еліміздің әр аймағынан жетіп, көрменің көркін еселеді. Ауқымды шара шаһарда 3 күнге жалғаспақ.