ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫНЫҢ БАСЫМ БАҒЫТТАРЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ
Бүгін облыс әкімінің төрағалығымен өткен аппараттық кеңесте Президент жолдауынан туындайтын міндеттер тиісті жауаптыларға жүктелді. Сөздің басын жолдаудан бастаған аймақ басшысы жіліктеп, жіктеп,әр басқармаға жұмысын нәтижелі жасауды тапсырды. Жер мен жол мәселесі, аймақтағы білім нысандарының жылыту маусымына дайындығы да назардан тыс қалмады.