ОБЛЫС ӘКІМІНІҢ ТӨРАҒАЛЫҒЫМЕН АППАРАТ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ
Бүгін облыс әкімінің төрағалығымен аппарат отырысы тікелей эфирде, халықтың назарында өтті. Жиында дене шынықтыру және спорт , ветеринария басқармаларының басшылары өткен жылды қорытындылап, биылғы жылға жоспарлары туралы баяндама жасады. Мәселен, өңірде олимпиадалық спорт түрін дамытуға ден қойылуда. Өйткені жергілікті спортшылар өткен жылы жоғары деңгейлі жарыстардан 396 медаль еншілеген. Оның 141 алтын медаль. Осылай деген дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы бұл көрсеткіш соңғы 19 жылда болмағанын айтып, келесі олимпиадаға дайындық қызу жүріп жатқанын жеткізді. Сондай-ақ, аймақ басшысы облыста алдағы 2025 жылға дейін спорт нысандарының жетіспеушілігі шешілуі керектігін айтып, нақты тапсырмалар жүктеді. Толығырақ тілші тарқатады.