"77TV" ТЕЛЕАРНАСЫ

Сіздің телеарнаңыз!

МАСАҢ КҮЙДЕ КӨЛІК БАСҚАРҒАН

1 min read

Жамбылдық  полицейлер автокөлікті  басқару құқығынан айырылған мас жүргізушіні  ұстады. 20 қаңтар күні сағат 12:40 шамасында Қаратау қаласының орталық көшелерінің бірінде патрульдік полиция қызметкерлері жол қозғалысы ережелерін  бұзғаны үшін  34 жастағы жергілікті тұрғынның басқаруындағы «BMW 750» автокөлігін тоқтатты. Көлік ішіндегі жүргізуші мен жолаушыдан ішімдіктің иісі байқалған. Медициналық куәландыру қорытындысына сәйкес екеуінің де жеңіл дәреждегі мас күйде болғаны расталды. Көлік иесі әйел азаматша екені және ол басқаруды жанындағы мас танысына бергені анықталды. Осы құқық бұзушылық үшін 36 жастағы әйел жауапқа тартылып, 15 тәулікке әкімшілік қамаққа алынды. Сонымен қатар, полиция қызметкерлері көлік басқарған 34 жастағы ер адамның  2020 жылдың ақпанында сот шешімімен көлік құралын басқару құқығынан 7 жыл мерзімге  айырылғандығын  анықтады. Құқық бұзушыға қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Автокөлік айып  тұрағына қойылды.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *