БІЛІМДІ ЖАСТАР-ЕЛ БОЛАШАҒЫ
1 min read
Жастардың арасында көзі ашық, көкірегі ояу, ойы ұшқыр азаматтар аз емес. Біз өскелең ұрпаққа жол ашу үшін барлық жағдайды жасауымыз керек»-деді ҚР-ның Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев. Осы бағытта өңірімізде бірқатар ауқымды жұмыстар атқарылуда. Мәселен күні кеше Шу аудандық Ермұхан Бекмаханов атындағы мектеп-гимназиясында «Білімді жастар-ел болашағы» атты аудандық мектеп бітірушілерге арналған аудандық конференция өтті.