БАЛАЛАРДЫҢ ӨРТТЕН ҚАЙТЫС БОЛУЫ БОЙЫНША 2 ЖАҒДАЙ ТІРКЕЛДІ
Соңғы уақытта Жамбыл облысының аумағында шөпханадағы өрттер жиіледі. 2023 жылдың 8 айының қорытындысы бойынша облыс аумағында шөптегі өрттердің 86 жағдайы тіркелді. Өрт салдарынан 1224 тонна шөп жойылды. Өрттен келтірілген шығын 8 млн. 956 мың теңгені құрады. Ондағы өрттердің шығу себебі көбінесе балалардың ойыны немесе отпен абайсызда жұмыс жасау болып табылады. Бұл туралы баспасөз брифингінде Мемлекеттік өрт бақылау басқармасының бастығы Мақсат Әкімбаев айтты.