АСЫРАУШЫ САЛАНЫ ДАМЫТУҒА 81 МЛРД ТЕҢГЕ БӨЛІНГЕН
Биылғы жылы облыстың ауыл шаруашылығы саласын дамытуға — 81,0 млрд. теңге теңге бөлініп, бүгінгі күні 10 мыңнан астам ауыл шаруашылығы тауар өндірушілеріне қолдау көрсетілді. Жыл басынан бері салада 498,6 млрд. теңгенің өнімі өндірілсе, оның ішінде егін шаруашылығында — 317,9 млрд. теңгенің, мал шаруашылығында — 180,3 млрд. теңгенің өнімі өндірілген. Бұл туралы баспасөз алаңында басқарма басшысының міндетін атқарушы Нұржан Мұқашев айтты.