АЛАЯҚТЫҚПЕН АЙНАЛЫСҚАН ТҮРКІСТАН ТҰРҒЫНЫ ҰСТАЛДЫ
1 min read
Сарысу аудандық полиция бөліміне Жаңатас қаласының 50 жастағы тұрғыны белгісіз адамның сеніміне кіріп, алаяқтық жолмен 1 миллион теңгеге жуық ақшасын иемденіп кеткенін хабарлаған. КТМ: Әлеуметтік желі арқылы хабарласқан күдікті банк қосымшасымен тауарлық несие рәсімдеп беретінін айтқан. Полиция қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында Түркістан қаласының 30 жастағы тұрғынын анықтап, ұстады. Аталған дерек бойынша ҚР ҚК-нің 190-бабының 2-бөлігі 4-тармағымен сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары басталды. Күдікті Жамбыл облысына жеткізіліп, уақытша ұстау изоляторына қамаққа алынды.