14 Окт 2025, Вт

Uncategorized

ТҮРКІСТАН МЕКТЕПТЕРІНДЕ ӨНЕР ҮЙІРМЕЛЕРІ ДАМУДА

Түркістан қаласындағы жалпы білім беретін мектептерде өнер үйірмелері қарқынды дамып келеді. Оқушылар гитарада ойнап, фортепианода өнерін шыңдауда. Жас өнерпаздар топ болып түрлі сайыстарға қатысып, жүлделі орындарға ие болуда. Мектеп қабырғасында бишілер де тәрбиеленіп, ұлттық өнерді дәріптеуде.

МЕКТЕП ОҚУШЫЛАРЫНА ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ КӨМЕКТІҢ ЗАМАНАУИ ЖОЛДАРЫ БАР

Қазіргі заманда жас ұрпақтың біліммен қатар психологиялық қолдауға да зәру екені анық байқалуда. Әсіресе, мектеп қабырғасындағы оқушылардың эмоциялық жай-күйі мен психикалық денсаулығы — қоғам үшін аса маңызды мәселелердің бірі. Осы орайда, Түркістан қаласындағы Психологиялық қолдау орталығы дәл осы бағытта жүйелі түрде жұмыс жүргізіп, қала мектептерімен тығыз байланыс орнатып отыр.

ЗАМАНАУИ ЖАҢА МЕКТЕП – БІЛІМ МЕН ТӘРБИЕНІҢ ОРДАСЫНА АЙНАЛДЫ

Түркістан қаласында бой көтерген №35 жалпы білім беретін мектеп – жаңа заман талаптарына сай салынған білім ошағы. Мұнда оқушыларға тек сапалы білім беріп қана қоймай, олардың шығармашылық және спорттық қабілеттерін дамытуға да ерекше көңіл бөлінеді. Жаңа оқу кабинеттері, кең спорт залы мен түрлі үйірмелер – жас ұрпақтың жан-жақты дамуына жол ашып отыр. Балалардың қауіпсіздігі, денсаулығы мен ыңғайы үшін қажетті жағдайдың барлығы қарастырылған.

ТҮРКІСТАНДА ЕҢБЕК КҮНІ САЛТАНАТТЫ ТҮРДЕ АТАЛЫП ӨТТІ

Түркістан қаласында Еңбек күніне арналған «Адал азамат – адал еңбек» атты салтанатты іс-шара өтті. Мерекелік жиында еңбек адамын ұлықтау, олардың қоғамдағы мәртебесін көтеру басты назарға алынды. Шараға облыс әкімінің орынбасары Бейсенбай Тәжібаев қатысып, еңбек құндылығы мен оның ел дамуына қосар үлесі жөнінде ой қозғады.

ҰСТАЗДЫҚ – ҰЛЫ МАМАНДЫҚ

Ұстаздық – ұлы мамандық. Осы жолға бар ғұмырын арнаған ардақты жанның бірі – Сауле Әбілқасымова. Ол білім жүйесінде 25 жыл бойы қызмет етіп келеді. Қызылорда өңірінің тумасы, бала күнгі арманы ұстаз болу еді. Арманы орындалып, шәкірт тәрбиелеуді өмірлік мақсатына айналдырды.

ТОҒЫЗҚҰМАЛАҚТЫ МЕҢГЕРГЕН МЕКТЕП ОҚУШЫЛАРЫ

Қазіргі таңда мектеп оқушылары арасында ұлттық ойындарға деген қызығушылық артып келеді. Соның ішінде тоғызқұмалақ — оқушылардың логикалық ойлау қабілетін дамытып, зейінін арттыратын ерекше зияткерлік ойын ретінде кеңінен таралуда. Бұл ойын тек ермек қана емес, ой-сананы тәрбиелейтін, шыдамдылық пен табандылыққа баулитын маңызды құрал болып отыр.

ҰСТАЗДЫҚ ЕТКЕН ЖАЛЫҚПАС, ҮЙРЕТУДЕН БАЛАҒА

Ұстаз болу — жай ғана мамандық емес, бұл — үлкен жауапкершілік пен жүрек жылуын талап ететін өмірлік ұстаным. Әсіресе жас маман ұстаз үшін бұл жол — сынақ пен ізденіске толы, сонымен қатар шабыт пен үмітке жетелейтін игі жол. Жаңа мектеп табалдырығын аттап, алғаш рет оқушы алдында сабақ беріп тұрған жас педагог үшін әр күн — үйрену мен үйретудің, өсу мен жетілудің күні.

АБАЙ АТЫНДАҒЫ №31 ЖАЛПЫ БІЛІМ БЕРЕТІН МЕКТЕПТЕ СПОРТТЫҚ 10 КҮНДІК ӨТУДЕ

Абай атындағы №31 жалпы білім беретін мектепте дене шынықтыру мен салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында спорттық 10 күндік өткізілуде. Бұл іс-шара оқушылардың спортқа деген қызығушылығын арттыру, олардың физикалық белсенділігін дамыту және достық қарым-қатынасты нығайтуға бағытталған.

ТҮРКІСТАН МЕКТЕПТЕРІНДЕ ЖАС МАМАНДАРҒА ҚОЛДАУ КӨРСЕТІЛУДЕ

Түркістан қаласындағы №34 «Келешек» мектебінде жас мамандарға ерекше қолдау көрсетіліп жатыр. Биылғы бұйрыққа сәйкес, университетті үздік бітірген түлектер конкурссыз жұмысқа қабылдануда. Солардың бірі – Саида Саитнабиева. Ол екі диплом иегері және қызыл дипломмен бітірген жас маман. Өз мамандығын сүйетін Саида мектеп қабырғасында алғашқы қадамдарын жасап жүр.