Жаңа оқу жылы қарсаңында кезекті дәстүрлі педагогикалық Тамыз кеңесі Бәйдібек ауданында өтті. Биылғы жиынның тақырыбы – «Білім келешегі: адал азамат, кәсіби маман». Кеңеске ұстаздар қауымы, білім ардагерлері мен сала мамандары қатысты
Түркістан облысы әкімдігі мен «Самұрық-Қазына» АҚ ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. Құжат аясында студенттерді өндірістік тәжірибеден өткізу және тұрақты жұмысқа орналастыру жоспарланған.
Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров Қатар мемлекетінің ірі инвестициялық құрылымдарының бірі – Power International Holding компаниясының өкілдерімен ресми кездесу өткізді. Басқосу аясында тараптар энергетика, құрылыс, туризм, ойын-сауық индустриясы, денсаулық сақтау және агроөнеркәсіп кешені салаларындағы өзара ынтымақтастық пен инвестициялық жобаларды жүзеге асыру мәселелерін талқылады.
Түркістанда жаңа 2025–2026 оқу жылының басталуына дайындық жөнінде баспасөз жиыны өтті. Жиында облыстың білім беру жүйесіндегі өзгерістер мен жаңа бастамалар таныстырылды.
Түркістан облысында соңғы үш жылда 1 миллион гектарға жуық жер мемлекет меншігіне қайтарылды. Атап айтқанда, 2022 жылы 520 мың гектардан астам, 2023 жылы 330 мың гектардан астам, ал 2024 жылдың өзінде 70 мың гектардан астам ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер қайтарылған. Биыл жыл соңына дейін қосымша 110 мың гектар жер учаскесін мемлекетке қайтару жоспарланып отыр.
Түркістан облысында жаңа Салық кодексінің жобасы таныстырылды. Көшпелі семинарға ҚР Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетінің өкілдері мен өңір кәсіпкерлері қатысты. Жиында 2026 жылдан бастап қолданысқа енетін негізгі өзгерістер талқыланды.
Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеровтің төрағалығымен өткен жұмыс мәжілісінде өңірдегі кеден бекеттерінің тиімділігін арттыру мәселелері жан-жақты қаралды. Жиынға салаға жауапты басшылар қатысты.
Түркістан қаласында инфрақұрылым саласы қарқынды дамып келеді. Биылдың өзінде 159 көшеге жөндеу жұмыстары жоспарланып, соның 79-ы аяқталып, пайдалануға берілді. Облыс әкімі құрылыс барысымен танысып, мердігерлерге нақты тапсырмалар жүктеді.
Түркістан қаласында белгілі журналист, шахмат жанашыры Жарылқасын Саменұлын еске алу турнирі өтті. Оны Қазақстан шахмат федерациясының өңірлік директоры Саян Жарылқасынұлы ұйымдастырды. Шараға облыстық спорт басқармасының өкілдері, ағайын-туыстары мен жас спортшылар қатысты.
Қыстың суық күндері пеш жағу кезінде өрттің шығу қаупі артады. Әсіресе пештің қызып кетуі мен бақылаусыз қалдырылуы қайғылы жағдайға себеп болуы мүмкін. Осыған байланысты Түркістан облысының төтенше жағдайлар департаменті тұрғын үйлерді аралап, алдын алу жұмыстарын жүргізді.