Кентау халқының жайлы өмір сүруіне әкімдік тарапынан қолайлы жағдай жасалуда. Бүгінде қалада жолдарды жөндеу жұмыстары қарқын алды. Бұл мәдени шаһар тұрғындарының қауіпсіз өмір сүруіне кепіл. Қала әкімі Жандос Тасов атқарылып жатқан жұмыстарды бақылап, бірнеше нысанды аралады.
Бүгін Кентау қаласында Спорт күніне арналған салтанатты марапаттау рәсімі өтті. Бұл күн – спортшылардың еңбегін бағалап, бұқаралық спортты дамытуға серпін беретін маңызды мереке. Шара барысында үздік спортшылар мен бапкерлер алғыс хаттармен және арнайы сыйлықтармен марапатталды.
Кентау қаласындағы «Кентау Спорт клубы» баскетбол бөлімі — спортты сүйетін жас өрендер үшін үлкен мүмкіндікке айналып отыр. Бұл клубта балалар тек дене шынықтырумен айналысып қана қоймай, нағыз тәртіп пен табандылықтың не екенін үйренеді. Кентау қаласы әкімдігі де бұл бастаманы назардан тыс қалдырған жоқ. Әкімдік тарапынан спорттық жабдықтармен қамтамасыз ету, залдарды жөндеу және жарыстарға қатысу үшін қаржылай көмек көрсету жұмыстары жүйелі түрде жүргізіліп келеді.
Түркістан облысы халықаралық бизнес қауымдастықпен әріптестікті нығайтуда. Облыс әкімі Нұралхан Көшеров Дубайда орналасқан United Global LLC халықаралық құрылыс және инвестициялық компаниясының президенті Фуад Насрмен кездесті. Тараптар өңірде бірлескен инвестициялық жобаларды жүзеге асыру жайын талқылады.
Түркістан облысында шетелдік әріптестермен бірқатар маңызды кездесулер өтті. Облыс әкімі Нұралхан Көшеров Молдова Республикасының елшісімен және халықаралық компания өкілдерімен келіссөздер жүргізді. Жиын барысында аймақтың инвестициялық әлеуеті мен бірлескен жобаларды жүзеге асыру жолдары талқыланды.
Балалар қауіпсіздігі – қоғам үшін ең өзекті мәселелердің бірі. Әр ата-ана баласының амандығын, білім мен тәрбиені қауіпсіз ортада алуын қалайды. Президент Жолдауында да бұл тақырыпқа айрықша көңіл бөлініп, нақты тапсырмалар берілген.
Бәйдібек ауданының Шаян ауылында «Түнгі кітапхана» жобасы аясында ерекше поэзия кеші өтті. Шара белгілі ақын Мұқағали Кенжетайұлының шығармашылығына арналды.
Бәйдібек ауданында «Заң және тәртіп» идеологиясы аясында тұрғындармен кездесу өтті. Жиында құқықбұзушылықтың алдын алу шаралары таныстырылып, идеологияның негізгі мақсаттары түсіндірілді.
Түркістан қаласында жаңа оқу жылының басталуына орай дәстүрлі «Мектепке жол» акциясы өтті. Шара Сәкен Сейфуллин атындағы мектепте ұйымдастырылып, оған Халық банкі мен Қалалық білім басқармасы қолдау көрсетті.
Өңір көлемінде 2025-2027 жылдары аралығында 115 білім беру ұясы жаңғырту тізіміне енгізілген. Соның ішінде Түркістан қаласында ұзақ жылдар жөндеу көрмеген 11 мектеп таңдап алынды. Қазіргі таңда 4 мектеп күрделі жөндеуден өтіп жатыр. Ататүрік атындағы №17 мектеп гимназиясы 1989 жылы ашылған. Қазіргі таңда ғимратта күрделі жөндеу жұмысы жүруде.