22 Авг 2025, Пт

Uncategorized

КӘСІПКЕРЛЕР ҚҰҚЫҒЫ ҚАЛАЙ ҚОРҒАЛЫП ЖҮР?

Кәсіпкерлерге жүргізілген әрбір рейдерлік әрекет бас прокурордың жеке бақылауында болатыны рас па? Бүгінгі бағдарламада Жамбыл облысы прокурорларының кәсіпкерлердің құқықтарын қорғауда атқарып жатқан істерін моншақтай жіпке тіземіз. Мобильді топтар мен бизнестің дамуына кедергі келтіріп, бақандай 40 млн. теңгені жымқырған шенді тұлғаның қылымыстық ісін қараймыз.

ЕСІРТКІГЕ ТӘУЕЛДІ АДАМДАРДЫҢ САНЫ 22 ПАЙЫЗҒА ӨСКЕН

БҰҰ-ның мәліметінше, соңғы 10 жылда есірткіге тәуелді адамдардың саны 22 пайызға өскен. Әлемде шамамен 275 млн. нашақор адам бар. Есірткі жыл сайын 500 мыңнан астам адамның өмірін жалмауда. 19 млн. халқы бар Қазақстан халқы үшін есірткіге тәуелділіктің тіпті елеусіз көрсеткіштерінің өзінде ұлттық қауіпсіздікке қатер туып тұр. Осы орайда нашақорлыққа қарсы профилактикалық іс-шаралар барысы Үкімет үйінде талқыланды.